Қоғам

«Таң» телеарнасы атауын өзгертті

«Таң» телеарнасы атауын өзгертті

«Таң» телеарнасы атауы мен форматын өзгертті. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі хабарлады.
15-қарашадан бастап арна «ОҢ-ТВ» деп аталады, ал эфирде ақпараттық және бизнес бағдарламалармен қоса, спорттық-сауықтық бағдарламалар да пайда болады.
Телеарнаның хабарлауынша, енді танымал сериалдарға, УЕФА-ның Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы аясындағы футбол матчтарының тікелей трансляцияларына, спорттық бағдарламалар мен экономика әлемінің жаңалықтарына басымдық берілмек.
Сондай-ақ, күніне алты рет қазақ және орыс тілдерінде «Qazaq News» ақпараттық бағдарламасы және сарапшылар мен мамандардың пікірі қоса берілген бизнес әлемінің жаңалықтары да шығып тұрады.
Эфирге алғаш рет 1990 жылы шыққан «Таң» арнасы қазір TNS Gallup Media рейтингісі бойынша, қазақстандық аудиторияны қамтуы жөнінен 12 орынды иеленуде.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button