Қоғам

Тұрғын үй құрылысы екі есе өседі

Өскеменнің «Нұрлы жол» шағын ауданында бірқатар тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта ол жерде жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын бақандай 48 көпқабатты үй бой көтереді.

Таяуда облыс әкімі Даниал Ахметов Ертістің сол жағалауынан ірге тепкен жаңа мекенге ат ізін салып, ондағы құрылыс жұмыстарын көріп қайтты. Жоспарға сәйкес шағын ауданда жиыны 4665 пәтер салынып, қолданысқа берілмек.

– Қазіргі уақытта 994 пәтерлі төрт 12 қабатты және бес 16 қабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Көп ұзамай мердігер компаниялар тоғыз қабатты 13 үйдің құрылысына кіріседі, – деп нақтылады аймақ басшысы.

Ресми деректерге сүйенсек, баспанаға мұқтаж отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін алдағы екі жылда өңірімізде тұрғын үй құрылысының көлемі екі есеге дейін артпақ. Бүгінде 730 мың шаршы метр құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын тұр. Биыл облыс бойынша жалпы ауданы 480 мың шаршы метрге жететін баспана салу көзделген.

«Дидар» ақпарат

Осы айдарда

Back to top button