Қоғам

Түлектері өрге сүйреп жүр

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Қорғанның «Зауральесімен» кездескен «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, осының арқасында алғашқы ондықтағы орнын сақтап қала алды.

Шыны керек, дәл қазір өскемендік ұжымды клуб басшылығы зор сенім артып отырған ресейлік легионерлер емес, жергілікті хоккей мектебінің түлектері, ардагер шабуылшылар Евгений Рымарев пен Александр Шин өрге сүйреп келе жатыр. Рымарев тіпті 28 шайбамен команда мергендерінің көшін бастап тұр. 31 жастағы шабуылшының қанжығасы бұл жолы да майланды. Евгений қарсылас қақпасынан екі рет саңылау тауып, бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ол шайбаны қосымша уақыттың 65-ші минутында шабуылшы Александр Тарасов соқты. Қорытынды есеп 3:2.

Жалпы, Қорған қаласында өткен ойында жерлестеріміз айдын иелеріне қарағанда екі есе көп соққы жасады, 46-20.

Осы жеңісінен кейін 33 ұпай жинаған «Торпедо» жоғарыда айтқанымыздай, турнир кестесінің тоғызыншы орнына тұрақтады. Бүгін кешке жерлестеріміз ЖХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізеді. Башқұртстанның Учалы қаласында өтетін бұл матчта Алексей Ждахин шәкірттері жергілікті «Горнякпен» шеберлік байқасады.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button