Қоғам

Тіл тазалығы тұрғындар қолында

«Қала тұрғындары ескерту жасау былай тұрсын, қатесін түзеткенше соңына дейін жүруге құқылы». Облыс орталығында тіл тазалығына арналған айлық басталды.

«Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» атты акция 19 мамыр – 19 маусым аралығында өтеді. Өскемен көшелеріндегі қате жазылған жарнама, маңдайшадағы жазу және баннерлерді көрген адам әкімдікке шағым түсіре алады. Қате жазудың суреті мен мекенжайын «al.omarova@akimvko.gov.kz» электрон почтасына жолдауына немесе 8 (7232) 57-79-98 байланыс нөміріне хабарлап айтуына болады. Сонымен қатар арыз-шағымдар 8-778-989-84-78 WhatsApp нөмірінде де қабылданады.
– Тұтынушы, яғни қала халқы дүкендердегі қате жазуға ескерту жасау былай тұрсын, оны түзеткенше соңына дейін жүруге кез келген уақытта құқылы. Мұны барлығы білгені жөн. Тіл тазалығын сақтау тұрғындардың өзінің қолында. Ал біз бұл жұмысты осындай акциялар аясында ғана іске асырамыз, – деп түсіндірді қаланың ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Бақыт Сағымқызы.
Оның айтуынша, қала әкімдігі шағым бойынша жарнама ілуші тарапқа түсіндіру жүргізіп, қажет болса жазуының қатесін түзеп те беруге мүдделі.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button