Қоғам

Құтқарушылардың қарғын суға дайындығы тексерілді

Облыстық әкімдік мәжілісіндеаймақ басшысы Даниал Ахметовтөтенше жағдайлар департаментіне техника мен жеке құрамның су тасқынынадайындығын тексеруді тапсырды.

2018 жылы Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруғаЖол картасы аясында жергілікті бюджеттен департаментке 450 миллион теңге бөлінген. 368 миллион теңгегеекі өрт сөндіру автосатысы, төрт жол талғамайтын апаттық-құтқару автокөлігі, төрт тіркемелі мотопомпа, төрт гидравликалық апаттық-құтқару құрал-жабдығы, 500 гидрокомбинезон, 100 құтқару желеті, бір мың противогаз сатылып алынған.

Ал 20 жылжымалы мотопомпа мен 100 су өткізбейтін комбинезон жеткізушілердің бас тартуы салдарынан сатылып алынбады,қарастырылған 82 миллион теңге облыстық бюджетке қайтарылды.

Былтыр аталған Жол картасы бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.

Төтенше жағдайлар комитеті республикалық бюджеттен облысқа 2018 жылы 601 миллион теңгенің 11 өрт сөндіру техникасын, 100 гидрокомбинезонын, 50 химиялық қорғаныс костюмін, 239 өрт сөндіруші киімін сатып алды.

Өткен жылы республикалық бюджеттен 175 радиостанция, үш«УАЗ», бір«Лада», бір«Хендэ Элантра» автокөлігі,сегіз тіркемелі мотопомпа алынды. Сондай-ақ облыс екі«ШЕРП» жүрдек көлігімен,екі снегоходпен жарақталды.

– Биыл материалдық-техникалық құралдардың –өрт сөндіру-сорғы стансаларының, жылжымалы, тіркемелі мотопомпалардың тасқынға әзірлігі тексерілді. Барлық 169 жылжымалы және 15 тіркемелі мотопомпа жұмыс істеп тұр. Өскемен, Семей, Алтай қалаларында жеті өрт сөндіру-сорғы станциясы бар. Жеке құраммен тіркемелі және жылжымалы мотопомпаларды қолдану бойынша сабақтар жүргізілді.Елу үрлемелі қайық, катер, қайық моторы дайын тұр.Тасқын кезінде жұмылдырылатын жеке құрам 1200-ден астам гидрокомбинезонмен жабдықталған, – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы.

Су басқан жағдайда«Камаз» бен «Урал» базасындағы вахталық автобустар, шыңжыр табанды тягачтар, жол талғамайтын көліктер іске қосылатын болады. Барлық техника сақадайсай.

 

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button