Қоғам

Сыпырғының орнына скрипка ұстады

Сенбілікке қатысушылар сыпырғының орнына скрипка ұстағандықтан, шаңдатып көше сыпырып, қоқыс жинамайды, оның есесіне мейрамханаларда халыққа 1 сағат тегін концерт қойып береді.

Сыпырғының орнына скрипка ұстадыӨткен сенбідегі мәдени сенбілікке қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары Shiny River қонақүйінің фойесін классикалық әуендердің ырғағына бөледі. Естеріңізге сала кетейік, облыстық мәдениет басқармасы тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдени мұраны насихаттау, кітапхана, мұражайлар, театр мен филармония қорларындағы жаңа ресурстар мен әлеуетін дәріптеу мақсатында сәуірдің 14-інен бастап облысымызда «Мәдени сенбілік» атты акцияны қолға алған болатын.

Он саусақтарынан өнер тамған, аспаптарынан құйқылжыта күй төккен өнерпаздар тұрғындарға сенбілікте тек аула сыпырып, ағаш отырғызып қана қоймай, көшелермен қатар көңілдерді де тазалауға болатынын түсіндіргендей.

– Келесі сенбіде облыс орталығындағы жұрт көп жиналатын мейрамха-налардың бірінде осынау игі шараны жалғастыра бермекпіз, – дейді облыстық филармония директоры Кенжеғали Мыржықбай.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button