Ауыл шаруашылығыТОП

Субсидияға қатысты мәселе бар

 

Облыстық мәслихат депутаты, Qazaq Aqbas республикалық кеңесінің төрағасы, «Шалабай» компаниясының бас директоры Қуаныш Сүлейменов ауыл шаруашылығында субсидияға қатысты мәселе бар екенін айтты.

– Биыл аналық мал басын субсидиялауға 1,5 миллиард теңге жетпеді. Нәтижесінде бір адам субсидия алды, екінші адам алған жоқ. Бұл – әділетсіз. Жалпы «осыған дейінгі субсидиялау оң нәтиже берді ме?» деген сұрақ туындайды. Сондықтан, менің ойымша, субсидиялауды алып тастап, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне төмен пайызбен несие беру қажет деп санаймын. Сонда оны өтеу үшін шаруашылық мамандары жоғары деңгейде жұмыс істейді, – деді Қуаныш Сүлейменов Anikor.Livе жобасы аясындағы тікелей эфир барысында.

Спикерге «Субсидия алу кезінде қандай сыбайлас жемқорлық жағдайлары бар? деген сұрақ қойылды.

«Субсидиялау мәселелерін реттейтін заңнамада қарама-қайшылық өте көп. Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде субсидиялау саласындағы нормтивтік құқықтық акт 22 рет өзгерді» деп жауап берді Қуаныш Сүлейменов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша, қазір агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияға өтінім тапсыру сәтінен бастап, оны беруге дейінгі аралықта ашық, әрі әділ жүйе қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою.

Қандай да бір пікір мен ұсыныс айтқысы келген азаматтар taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы мен +7 778 668 99 20 WhatsApp нөміріне хат жолдай алады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button