Қоғам

Қазақстанды сағынып жүрмін

Қазақстанды сағынып жүрмін


Дүйсенбі күні Талғардан 15 шақырым «Алатау» шаңғы-биатлон стадионында болдық. Алайда жарыс жолына шыққан, үміт күткен бойжеткендеріміз бен
жігіттеріміз алтынды қойып күміске іліне алмады.
Абырой болғанда Шевченко қоланы иеленді. Ресейлік екі бірдей саңлақ Валерий Контар мен Дмитрий Ростовцев алтын мен қоланы жұлып түсті. Жарыс жүріп жатқан кезде Германиядан келген Светлана Маргацкая деген бойжеткенді кездестірдік. Ол өз елінің шаңғышыларына ақыл-кеңес беруде.

-Мен Көкшетаудың Зерендісінде шаңғы спортымен шұғылданып, байрақты бәсекелерде сан рет топ жардым. 1995 жылы отбасы жағдайына байланысты Германияға қоныс аудардым. Қазір де дамыған елдің шаңғы спорты саласында қызмет етіп жүрмін. Осы жолы спорт атташесі міндетін атқарудамын,-деді ана тілін ұмытпаған бойжеткен.

-Германиядан қанша спортшы келді?

-Барлығы 45 адам. Оның 35-і студент спортшылар. Шаңғы, биатлон, қысқы спорттың басқа түрлерінің біздің елде қатты дамығаны белгілі. Алғашқы алтылыққа енсек деген жоспарымыз бар,-деді Светлана.

-Алматыда соңғы рет қашан болдыңыз. Универсиадаға Қазақстан қалай әзірленіпті?

-Мен Қазақстанды, Көкшетауды сағынамын, Зерендінің ғажайып табиғаты мен адамдары түсіме жиі енеді. Ару қала Алматыда болмағаныма он бес жылдай болыпты. Қала керемет өзгеріпті. Заманауи ғимараттар, Универсиадаға арнайы салынған «Алматы арена», «Халық Арена» спорт кешендерінде, Табаған мен Шымбұлақта, атақты Медеуде қазірдің өзінде қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге болады десем, артық емес. Дүниежүзілік Универсиада ойындарының ашылу салтанаты маған қатты ұнады. Көшпенділердің өмір сүру салты, әдет-ғұрпы ашылу салтанатында бірге болған шетелдерден келген қонақтарды қатты таңғалдырды. Салтанатқа қатысқан мыңдаған адамдардың киімі, жүріс-тұрысы қандай керемет. Қатты әсерлендік. Президент Нұрсылтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында қазақ елі қатты дамып, өркендеген екен. Спорт додасында Қазақстан алғашқы үштікке ие болып жатса, таңғалмас едім.

Жалпы алғанда Универсиада ойындары жоғары деңгейде өтуде. Спортшылар делегациясы Атлеттер қалашығында орналасқан. Әсіресе, қауіпсіздік шараларына қатты көңіл бөлінгенін аңғардық. Дүйсенбіде кешкі сағат 20.00-де Республика сарайында күн сайын Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, оларға наградалар тапсырылуда. Біз сарайға кіру үшін «Қазақстан» қонақүйі жанындағы саябақты айналып, бірнеше кедергілер арқылы әрең өттік. Халық көп жиналатын алаң күндіз-түні полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Қырағы күзетте тұрған полиция қызметкерлерінің киімі қандай көрікті.

Сейсенбіде алтын, күміс жауған күн ретінде есте қалмақ. Екі бірдей қызымыз алтын мен күміске ие болды.

Әңгімелескен – Оңдасын Елубай

Осы айдарда

Back to top button