Қоғам

Судағы адамды үйрек екен деп қалыпты

  Судағы адамды үйрек екен деп қалыпты

Бұқтырма су қоймасының жағалауында суға сүңгіп, дайвингпен айналысып жүрген демалушы жігіт аңшының мылтығынан мерт бола жаздады.
Ол су түбіне бойлай сүңгіп, қайта шығып ауа жұтқан кезде, қалтарыстан атылған оқ дәл құлағының түбінен өткен. Қатты сасқан «үйрек» суға қайта сүңгиді. Қатарынан атылған екі оқ судың бетін тағы тілгілеп өткен. Жағаға қарай жанұшыра ұмтылған сүңгуір жігіт бірден полиция бөлімшесіне жүгіреді.
Тәртіп сақшылары тал түсте адамға оқ жаудырған аңшыны лезде қолға түсірді. Ол Зырян ауданының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Үйрек атқыштың айтуына қарағанда, ол да отбасымен бірге демалуға келген, сонымен қатар қамыстың арасынан құс атып алуды қызық көреді.
Жағалаудан 50 метрдей жерде судың бетінде көлбеңдеп, жүрген адамның басын үйрек екен деп қалғанын да жасырмай айтыпты сабазың. Сосын «үйректің» суға сүңгіп жоқ болып кеткенін көрген соң, көлігіне отырып кетіп қалған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button