Қоғам

Су құбыры мен кәріз жүйесі іске қосылды

Зайсанда тұрғындарды қуанышқа бөлейтін елеулі оқиғалар жетерлік. Соның нақты бір дәлелі – Қаратал ауылында таза ауызсу құбырының және аудан орталығы жұртшылығының ұзақ уақыт күткен кәріз жүйесінің ашылуы.

Қаратал ауылының тұрғындары су құбырының ашылуына тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Сөз кезегін аудан әкімі Темірбек Қасымжанов алды. Прочистка канализации в Алматы. Наша компания предлагает эффективные и экономичные решения для прочистки канализации в Алматы. Квалифицированные специалисты, современное оборудование и привлекательные цены.

– «Құдық қазсаң, көлді қаз, көл суалмай таусылмас»-деп Ақтамберді жырау жырлағандай,Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауызсу құбырының іске қосылуы – игі шаралардың бірі. Енді қараталдықтар ауызсуды үйлерінде отырып, пайдаланатын болды. Қуаныштарыңызбен құттықтаймын,-деді аудан әкімі.

Бұдан кейін ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Зайтынов, аудандық мәслихат депутаты Қайролда Сайранов сөз алып, өздеріне қамқорлық жасаған аудан басшыларына алғысын білдірді. Әйелдер кеңесінің төрайымы, еңбек ардагері, осы таза суды үйіне бірінші болып кіргізген ардақты ана Қатира Бүргебенованың жылы лебізі әсерлі шықты. Қалима Исаева жиналғандарға батасын берген соң аудан әкімі Т.Қасымжанов пен ауданның Құрметті азаматы Қ.Әдібаев су тетігін басып, іске қосты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Зайсан қаласында 2016 жылы қолға алынған Кәріз» желілерін салу жұмысы мерзімінде аяқталып, жақында қала тұрғындарының игілігіне тапсырылды. Осынау мыңызды жобаға республикалық бюджеттен бір жарым миллиардқа жуық қаржы бөлінген еді. Маңызды шараның ашылу салтанатына қала тұрғындары жиналды. Айтулы іс-шарамен аудан әкімі Темірбек Қасымжанов құттықтады.

Аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Ыдырышев, қала округі бойынша қауымдастықтың төрағасы Болат Қинашұлы жерлестеріне тіледі.

Бұдан кейін Сауыр ықшам ауданы қауымдастығының төрайымы Айман Самарханова мен аудандық мәслихаттың депутаты Бақытбек Бұлақбаев кәріз су құбыры жүйесінің іске қосылу тетігін басты.

Оңдасын Елубай
Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button