Қоғам
Студенттер екінші семестрде қалай оқиды?

ШҚО-да студенттер оқу жылының екінші жартысын штаттық режимде оқитын болды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрсетілген.
Қаулыға сәйкес облыс аумағындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері екінші семестрде білім ордасына келіп оқиды.
«Екінші семестрден бастап ЖОО-лар мен колледждердің бірінші курс студенттерін шаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін» деп жазылған бас санитарлық дәрігердің 2021 жылдың 3 қаңтарындағы №26-2 қаулысында.
“DIDAR” ақпарат