Студенттер жұмыспен қамтылып жатыр
Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө-лімі және жұмыспен қамту орталығы бірлесіп, Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің түлектерімен және жұмыс беруші шаруа қожалықтары басшыларымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Жиынға «Төртқара», «Солтанбек», «Агро-Бам» және тағы басқа шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Биылғы бітіретін 61 түлектің 59 түлегі жәрмеңкеге қатысты. Оның ішінде 30 адам Ұлан ауданының тұрғындары.
Ауданға 2012 жылы жастар іс-тәжірибесіне аталған бағдарлама бойынша 29 түлекті жұмысқа орналастыру үшін республикалық бюджеттен 5389,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жастар іс-тәжірибесіне 11 адамға 1360,0 мың теңге қарастырылған. Осы қаржы ауылшаруашылық секторындағы кадр-лық мәселелерді шешу үшін көзделген.
Ұлан аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы