Қоғам

Стипендия төленеді

Жұмыссыз жүрген адамдарға тегін курс оқып, мамандық алып шығуға болады. Қосымша стипендия да төленеді.

«Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандықтар бойынша стипендия төлей отырып, жұмыссыздарды тегін курстарға қабылдауды жүргізеді. Атап айтсақ, электр-газбен дәнекерлеуші, кран машинисі, наубайшы-кондитер, токарь, электрослесарь және сылақшы сынды мамандықтар оқытылады», – деп жазды Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл туралы аталмыш бөлімнен (мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 12 А, байланыс телефоны: 2-05-87) толық мағлұмат алуға болады.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button