ҚоғамТОП

Статусыңыз қандай?

Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq қосымшасында «жасыл» статусқа ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

– Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq қосымшасында жасыл статусқа ие болды. Осылайша екпенің екі компонентін алған барлық кісіге аптаның соңына дейін тиісті мәртебені беруді жоспарлап отырмыз, – деді министр.

Аталмыш қосымша карантин шаралары кезінде жұмысын жалғастыра алуы үшін ойлап табылған еді. Келушілер Ashyq арқылы QR-кодты сканерлеп, статусын көрсетеді.

1 шілдеге дейін Ashyq қосымшасы вакцинациядан өткен қазақстандықтардың базасымен біріктіріледі деп хабарланған болатын.

Осы айдарда

Back to top button