Қоғам

Сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Алдағы жылдары облысымызда қандай мамандықтар сұранысқа ие болады? Ал керісінше, қай сала өкілдері жұмыссыз қалуы мүмкін? Оның жайы 2016-2018 жылдарға арналып әзірленген жұмыспен қамту картасында белгілі болды. Бұл мамандықтар тізіміне біліктілігі бар және біліктілігі жоқ мамандар да кіреді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының болжамына сәйкес, 2018 жылға қарай аймағымыздың еңбек нарығында ауыл шаруашылығы, сауда-саттық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларының мамандарына қажеттілік артады. Облыс орталығындағы жағдай да осы. Өскемендіктер арасында инженерлер мен бухгалтерлер ең көп сұранысқа ие болса, тізімді ветеринар-дәрігерлер, акушерлер мен модельерлер түйіндейді. Орта білімді мамандар арасында электриктер, тәрбиешілер, шаштараздар, сатушылар мен омарташылар жұмыссыз қалмайтынды. Жүргізушілер, дәнекерлеушілер, темір шеберлері, ағаш ұсталары мен әктеушілерге де сұраныс зор болмақ.

Әсел Асқарқызы

Осы айдарда

Back to top button