«Спутник V» вакцинасы туралы ғалымдар не дейді?

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустан 92% қорғайды. Екпеге жүргізілген сынақтың нәтижесі The Lancet журналында жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымдардың сөзіне сенсек, вакцинаның өз артықшылықтары дәлелденген. Ол тиімділігі тексерілген «Pfizer», «Oxford / AstraZeneca», «Moderna» және «Janssen» сияқты вакциналардың қатарында. Вакцина егілгеннен кейін адам ағзасында коронавируспен күреске бейімделген антидене пайда болады.
Вакцина -2, -8 градуста сақталуы керек. «Спутник V» вакцинасының өзге екпелерден ерекшелігі – оның екінші нұсқасы бірінші екпеден кейін 21 күн өткен соң салынады. Екі түрлі формуланы қолдану арқылы иммунитетті күшейтуге болады. Екпе егілгендер арасында көз жұмған жағдай немесе қатты ауырып қалған жағдай тіркелген жоқ. Аталған вакцина Ресейден бөлек Аргентина, Венесуэла, Венгрия, Иранда қолданылады. The Lancet журналында вакцина коронавирустың симптомсыз түрімен ауыратындарға қалай әсер ететіні туралы қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілуі керектігі жазылған.
Балауса Мэлсқызы