Қоғам

Спорт сарайының жанынан база салынады

Спорт сарайының жанынан база салынады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ Жаңа жыл қарсаңында «Торпедо» хоккей клубының директоры Сергей Немчинов пен клубтың бас бапкері Мисхат Фахрутдиновпен кездесті. Хоккей клубының ағымдағы мәселелерін бірлесе талқылағаннан кейін аймақ басшысы соңғы ойындардың нәтижесіне көңілі толатындығын жеткізді.
Кездесу барысында «Торпедо» хоккей клубының басшылығы облыс әкіміне клубтың жұмысы жайында жан-жақты мағлұмат берді. Аймақ басшысы өз сөзінде командаға қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан облыс басшылығы тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін, ал хоккейшілердің жанкүйерлер сенімін ақтау қажеттігін айтты.
Облыс әкімі Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайының жақын күндері құрлықтық хоккей лигасының талаптарына сәйкес ауқымының кеңейетінін, кейінірек мұнда халықаралық талаптарға жауап беретін база салуды жоспарлап отырғанын да жеткізді.
Кездесу соңында Даниал АХМЕТОВ «Торпедо» хоккей клубының директоры Сергей Немчинов пен клубтың бас бапкері Мисхат Фахрутдиновты алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, еңбектеріне жеміс, командаға жеңіс тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button