Қоғам

Спорт сарайындағы қателер қашан жөнделеді?

Спорт сарайындағы қателер қашан жөнделеді?

Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің назарына!
Бұлар – Өскемендегі Борис Александров атындағы Спорт сарайының ішіндегі бөлме есіктеріндегі жазулар. Орысша жазуда әдеттегідей мін жоқ. Ал қазақшасын… өзіңіз оқып көріңізші, шым-шытырық, ойқыш-ұйқыш. Бір ауыз сөзде қаншама қате. «Жаттығу жабдықтары залының әйелдер шешінігіөкиінет бөлмесі». Аударма емес, қазақ тілін қорлау ғой бұл. Осыны «Жаттығу залының әйелдер киім ауыстыратын бөлмесі» деп жазса, болмас па еді. Айтпақшы, бұл спорт ғимараты «Қазцинк» ЖШС-іне зауытына қарайды. Осындай алпауыт кәсіпорында мемлекеттік тілді жетік меңгерген, екі ауыз сөздің басын құрайтын маман жоқ дегенге сенгің келмейді. Бірақ «Қазцинктің» қазақ тіліне деген «құрметі» осындай болып тұр әзірге. Дегенмен, жақын арада бұл олқылықтың орнын толтырып, кемшілікті қалпына келтірер деген ойдамыз.

Мұратхан Кенжехан

Осы айдарда

Back to top button