Қоғам
Спорт кешені пайдалануға беріледі
Аймақ басшысы Даниал Ахметов іссапармен Ұлан ауданының Бозанбай ауылына барып, бұрынғы аудан орталықтарын қолдау бағдарламасы аясында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
– Бұл нысан балаларға да, ересектерге де спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек. Қазір құрылыс салушы компания соңғы жұмыстарға кіріскен. Жыл соңына қарай нысан пайдалануға беріледі, – деді облыс әкімі.
Алдағы уақытта құрылысшылар су құбырларын тартып, аумақты абаттандыратын болады. Әрине, аталған нысан бойынша мәселелер туындаған, құрылыс кестеден кешіккен, бірақ қазір нысан аяқталуға жақын.
Аймақ басшысы аудан әкіміне осы құрылыстың барысын жіті бақылауда ұстауды тапсырды.
Ержан Кеңесұлы