Сотты болған көкпектілік тұрғын жұмыспен қамтылды
Зайсан көлінің тыйым салынған аумағынан балық аулап, бас бостандығы шектелген көкпектілік тұрғын жұмыспен қамтылды.
Көкпекті ауданының тұрғыны бұған дейін Зайсан көлінің жыл бойы балық аулауға тиым салынған аумағынан балық аулағаны үшін істі болып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген болатын. Сонымен қатар, ол үш жыл бойына балық аулау құқығынан да айырылды.
Сотталушыны есепке алу барысында аудандық №1 пробация қызметі сотталған тұлғаның жеке басын және өмірлік жағдайын зерттей келе, оның тұрақты жұмысының жоқ екенін анықтайды. Отбасын асырау жолында оның қайтара қылмысқа бармауын ойластырған пробация қызметкерлері, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын құрастырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде он күн ішінде сотталған тұлға ақылы қоғамдық жұмыстарған жолданды. Қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған сотталушы сотпен тағайындалған жазасын да қатар өтеуде.