Қоғам
Сотталғандармен психолог сөйлесті

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 18-29 жас аралығындағы жұмыс істеуден жалтарып жүрген азаматтармен психолог кездесті. Бұл іс-шара полиция мен аудандық жастар орталығының ұйымдастыурымен өткізілді.
– Сотталғандармен сұхбаттасу және сауалнама жүргізу барысында психолог есепте тұрғандардың психологиялық портреттерін құрастырды. Есепте тұрғандар бұл іс-шараға өте байыпты қарады және әңгімеге белсенді қатысты. Сонымен қатар олардың кейбірі оңаша сөйлесуге және өмірлік мәселелерімен бөлісуге мүмкіндік алды, – дейді ұйымдастырушылар.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – сотталған адамдардың тағы да қылмыс мен құқық бұзушылықтарға бармауы үшін алдын алу, рецидивтік қылмыстардың жолын кесу дейді мамандар.
Тасқын Болатұлы