Қоғам

Сотталған әйелдер дәрігерлерге кондитерлік тағамдар пісіріп берді

Жарма ауданынағы колонияның наубайханасында жұмыс істейтін сотталған әйелдер “Вупи-пай”, “Қызыл бархат”, “Сүтті қыз” торттарын және кондитерлік тағамдары мен тандыр нан, тоқаш, кекс сынды тәтті-дәмін пісіріп, ақ халатты абзал жандарға жолдады.

– Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/21 мекемесінің қызметкерлері алдыңғы қатарда пандемияға қарсы күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті. Мекеме қызметкерлері ел ішінде өтіп жатқан акцияны қолдап, өз үлестерін қосты. Жиналған қаражатқа азық-түлік, жеміс-жидек, сусындар мен тәтті-дәмділер алынды. Мекеме қызметкерлерінен жазасын өтеп отырған жандар да қалыспай, барын ұсынды, – дейді мекеме басшысы Ж.С.Алтаев.

– Біз осындай қиын қыстау кезеңде халықпен бірге, оларға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіргіміз келеді. Бұл дерттен аман-есен шығамыз деген сенімдеміз,- деді торттардың иесі Фариза.

Аудандық аурухана басшысы мен дәрігер-инфекционист сотталған әйелдер мен мекеме қызметкерлеріне қиын-қыстау кезеңде үлкен көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button