Құқық

Сотқа СМС арқылы да шақырады

Сот мәжілісі хатшыларының жұмыс күні процеске қатысушылардың сотқа келуін қамтамасыз етуден басталады. Бұл міндеттің жауаптылығын сотқа қатысы бар азаматтардың бәрі біледі. Тіпті, бір куәгер келмесе, сот мәжілісі кейінге қалып, қылмыстық істің қаралуы созылады.

– Бізде тараптардың сотқа келуін қамтамасыз ету жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Цифрлық технологиялар, яғни, мобильді және электронды құралдар арқылы байланыс жасауға мүмкіндік бар. Әсіресе, сот мәжілісіне қатысатын азаматтар үшін СМС хабарламалар, ал мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай құжат айналымының электрондық жүйесі тиімді болып отыр, – дейді облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Шынар Қайырханова.

Айталық, тек былтыр СМС хабарламалар 1366 азаматқа жеткізіліп, бірыңғай құжат айналымының электрондық жүйесі арқылы 2273 шығыс құжаты жолданған.

Ержан Әбіш

Сурет: ашық дереккөзден

Осы айдарда

Back to top button