Қоғам

Сот жүйесінің үздік аудармашысы анықталды

Сот жүйесінің үздік аудармашысы анықталды


Облыстық сотта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында және сот жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізу мақсатында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті.

Конкурсқа аудандық және оған теңестірілген соттарда күнделікті қызметінде мемлекеттік және орыс тілдерін еркін қолдана білетін, аударма жұмысына машықтанған мамандар қатысты.

Сот жүйесіндегі іс қағаздары мен іс жүргізу құжаттарын сауатты аудара білетін аудармашылар корпусын қалыптастыру мақсатында өткізілген аталмыш конкурс үш кезең бойынша өтті, яғни іс қағаздарын аудару, сот ісіне қатысты құжаттарды аудару, сот отырысын сипаттайтын диалогты кезегімен аудару.
Қатысушылар сайыс шарттарына сәйкес өз білімдерін ортаға салып, күш сынасты. Нәтижесінде бірінші орынды Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Жандос Тұрсұн иеленді.Екінші орын – Ұлан ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы Әмина Бигәрімоваға бұйырса, үшінші орынды Катонқарағай аудандық сотының жетекші маманы Назерке Тоқтарбаева,төртінші орындыЗырян аудандық сотының жетекші маманы Гүлзат Қалиева қанжығаларына байлады.

Бірінші орынға ие болғанЖандос ТұрсұнұлыЖоғарғы Сотта өтетін конкурстың республикалық деңгейіне қатысып, бағын сынайтын болады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button