Сайлау-2022ТОП

Соғыс ардагері өзі келіп дауыс берді

Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауын жасау үшін учаскеге өзі келді, деп хабарлайды didar-gazeti.kz тілшісі.

Бүгін Өскемендегі №21 сайлау учаскесіне осындағы жасы ең үлкен сайлаушының бірі келіп дауыс берді. Ол – 98 жастағы соғыс ардагері, II дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері, «Багратион» операциясының қатысушысы, Кенигсберг шабуылының батыры, Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы Ішкі істер министрлігінің полковнигі Құрмат Рахимов. Көнекөз қария қарттығына қарамастан сайлау учаскесіне өзі келіп, азаматтық міндетін орындады.

Құрмат Рахимов сайлауға қатысуға ерекше мән береді. Өйткені ол мұндай шараларды, яғни азаматтық таңдау мен сайлау құқығын – қаншама боздақтың қанымен келген Ұлы Жеңістің тікелей жалғасы деп есептейді.

– Біз Тәуелсіз елді құрып, әділ қоғамда өмір сүрі үшін күрескенбіз. Егер сіз қоғамның тағдырына қатыспасаңыз, тұратын елге қызығушылық танытпасаңыз не үшін соғысу керек еді? – дейді ардагер.

Айта кетсек, Өскеменде дауыс беруге барлығы 12 соғыс ардагері мен 3661 тыл еңбеккері қатысты. Олардың кейбіреуі учаскелерге өздері келсе, қалғандарына сайлау жәшіктері үйге жеткізілді.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button