Экономика

Іскер әйелдерге жол ашатын жоба

«Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы еліміздің алты өңірі бойынша әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуды арнайы жоба ретінде қолға алды. Бұл өңірлердің ішінде Семей қаласы да бар.

Іскер әйелдерге жол ашатын жобаЖоба бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, әйелдер арасындағы жұмыссыздықты жоюдың түп мәселесі қарастырылады. Семейде өткен кеңеске қалалық кәсіпкерлік бөлімі, ішкі саясат бөлімі және Курчатов, Шүлбі, Бородулиха, Бесқарағай өңілерінен іскер ханымдар қатысты. «Кәсіпкерлікпен айналысатындар арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізіп отыру бизнестің дамуына ықпал етеді» дейді тренингтің ұйымдастырушысы Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева.

Сауалнама барысында түскен ұсыныс-пікірлер міндетті түрде жинастырылып, депутаттар, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері бас қосқан арнайы жиында талқыланбақ.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button