Қоғам

Өскеменнің көшелерінде жолбарыс жүр

Өскеменнің көшелерінде жолбарыс жүр

Сонау Ростов-на-Донудан келген цирк ұжымы тордағы жолбарысын жарнамалап қала көшелерімен алып өтті.
Тор ішінде тыным таппай жүрген жолбарысты көрген балалар мәз. Ересектер де қызықтап суретке түсіріп алып жатты. Цирк әкімшілігінің айтуынша, алты жасар жолбарыс жарнамалық акцияларға белсене қатысады. Көлікпен қыдырғанды да ұнататын көрінеді. Торда қамалып отырғаннан гөрі қала ішін аралап шығу анағұрлым тиімді. Марғау кезінен ел ішінде өскендіктен маңайындағы адамдарға да үйреніп алған. Қолда өскен аңға Зита деп ат та қойған.
Зитаның жанында Гита атты тағы бір жолбарыстары бар екен. Екеуі де цирктің жарық жұлдыздары. Олардың көрсеткен трюктері баланы қойып, үлкен кісіні таңқалдырады. Циркте аң үйретушінің бұйрығын бұлжытпай орындайды. «Жат» десе жатып, «отыр» десе отырады. Тіпті лаулап жанған оттың ортасынан да секіріп өтеді. Жолбарыстың бұл қойылымы Комсомол аралында басталған еді.

Мерей Қайнаров

Осы айдарда

Back to top button