Руханият

Өскеменге концерт келді

Өткен аптада өскемендік театрсүйер қауым көрші Ресейдің Алтай өлкесінен келген Рубцовск драма театрының өнерін тамашалады.

Өскемендік көрермендер мен қала қонақтарының назарына аталған театр ұжымы А.Коровкинаның «Тетки» комедиясы мен В.Шукшиннің «Штрихи к портрету» психологиялық драмасын және Ю.Богановтың «Как Кощей Бессмертный на Василисе женился?» мен В.Илюховтың «Третий лишний» ертегілерін ұсынды. Қойылымдардың бәрі де көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

-Біздің труппа Өскеменге осыдан 36 жыл бұрын келіп, өнер көрсетіпті. Осыншама жылдан соң, бұл қалаға қайтадан келгеніме ерекше қуаныштымын. Ол кезде біз   ересектерге арналған 11, балаларға арналған екі спектакль әкеліп Мәдениет сарайында  өнер көрсеткен болатынбыз. Өскеменде бір ай жатқанымыз есімде, – дейді сахна саңлағы Лидия Иванова.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігі  арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында осынау аймақаралық гастрольдер қайта жанданып отыр. Биылғы көктемде Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ұжымы Бийск қаласына гастрольдік сапармен барып-қайтқан болатын.

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары ресейлік әртістердің өнерін жоғары бағалап, өз ризашылықтарын білдірді.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button