Қоғам

Өскемендік «тарзан» құтқарылды

Өскемендік «тарзан» құтқарылды

Жақында Өскемен қаласының құтқарушылары үйден үйге электр желілері арқылы жетпекші болған 25 жастағы жігітті құтқарып алды. Ащы суға тойып алған ол достарына өзінің мықтылығын дәлелдемекші болыпты.
Құрдастарымен дастарқан басында ішімдік ішіп отырған жігіттің ойына аяқ астынан ерекше «ерлік» жасау туралы ой келген. Протозанов көшесіндегі №29-шы көпқабатты үйден, №27-ші үйге жалғанған желі арқылы жетемін деп жұлқынған жігітті достары тек қана жігерлендірген көрінеді. Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискованың айтуынша, жерден бірнеше метр биіктіктегі желімен жылжып бара жатқан жігіттің жарты жолда саусақтары үси бастаған. Қолдарынан әл кете бастағанын сезген «батыр» біраздан соң жердегілерден айғайлап, көмек сұраған көрінеді.
– Құтқарушылар тобы жылдам жетті. Өрт сөндіру машинасының сатысы арқылы біз оны қауіпті биіктіктен түсіріп алдық. Мас жігіт өзінің бұл қадамға достарымен бәстескендіктен барғандығын айтты, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button