Қоғам

Өскеменде жолақы бағасы өсе ме?

Өскеменде жолақы бағасы өсе ме?

Өскеменде қалаішілік автобустарда жол жүру билетінің құны 75 теңге болмақ. Қалалық мәслихат депутаттары бекіткен жаңа тарифтің мөлшері осындай. Бұрын ол 60 теңге болған.
Құрамында депутаттар, әкімдік қызметкерлері және жолаушылар тасымалы қызметінің өкілдері бар арнайы жұмыс тобы 8 тасымалдаушы компанияның деректеріне біраздан бері талдау жасап, есеп жүргізген-ді. Нәтижесінде облыс орталығында қоғамдық көліктерде жол жүру билетінің бір адамға шаққандағы құны 75 теңге болуы тиіс деген шешімге келген.
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы А.Ысқақовтың айтуынша, бастапқыда тасымалдаушылар жол жүру ақысын 100 теңге деп көрсеткен, бірақ қайта жүргізілген есеп-қисаптан соң бұл 75 теңгеге шықты.
Депутаттар бекіткен тариф алдағы уақытта Өскемен қаласының әкімімен және әділет басқармасымен бекітілуі тиіс. Содан соң бұл туралы ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button