Қоғам

Өскеменде жер ойылды

Облыс орталығына қарасты Меновное ауылында жақында ғана төселген асфальтты жолдың қақ ортасында үлкен жарық пайда болды.

Бұл жөнінде ойықты дер кезінде байқаған ауыл тұрғындарының бірі Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің біріне жариялап, хабарлаған.

Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары аталмыш фактіні растады. Бөлімнің қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, тас жолдың бұлайша тез бүліну себебін анықтауда. Сонымен бірге алдағы уақытта ойылған жолдың қанша уақытта жөнделіп, қалыпқа келтірілетінін қосымша хабарлауға уәде етті.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button