Қоғам

Өскеменде тағы бір спорт нысаны салынады

Өскеменде тағы бір спорт нысаны салынады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ Өскемендегі бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы негізінен жас ұрпақтың рухани-мәдени дамуына ықпал ететін мекемелер құрылысына үлкен мән берді.
Облыс басшысы ең алдымен Сол жағалауда құрылысы қызу жүріп жатқан драма театрына ат басын тіреді. Өскемендегі іргелі мәдени ошақтың біріне айналғалы тұрған бұл драма театры желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс. Облыс Әкімі Даниал АХМЕТОВ құрылысты мерзімінде бітірумен қатар оның сапасын естен шығарып алмауды қатаң тапсырды. Құрылыс сапасына үлкен мән берілуі тиіс. Сонымен қатар, осы салаға қатысты мекеме басшылары артистер мен көрермендердің жаңа ғимаратқа қуана көшіп келуі үшін барлығын да бүге-шігесіне дейін ойластыруы қажет. Жұмыс барысын қадағалауды облыс басшысы өзінің орынбасары Жақсылық Омарға тапсырды.
– Жаңа ғимаратқа қазақ және орыс труппаларын орналастыру – игі іс. Тізе қосып бірге жұмыс істеу арқылы олар бірінің дамуына бірі ықпал етеді, – деді аниал АХМЕТОВ.

Өскеменде тағы бір спорт нысаны салынады

Сонымен қатар, облыс басшысы «Қазцинк» ЖШС-нің теннис корты, Тимирязев көшесінде орналасқан жабық хоккей модулы, балалар мен жасөспірімдердің футбол орталығы секілді бірқатар спорт нысандарымен де танысты.
Аты аталған нысандардың ішінде «Қазцинк» ЖШС-нің теннис корты 2010 жылы ашылған болатын. Қазіргі күні ғимараттың 75 пайызы пайдаланылып тұр. Негізгі келушілер – балалар. Қыс айларында мұнда екі жүзден астам адам келетін болса, жаз айларында келушілер саны тіпті ұлғая түседі. Өйткені, ашық корттар да жақсы жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұнда монша да, дәмхана мен тренажер залдары да бар. Көптеген жарыстар да өтіп тұрады. Соңғы екі жыл қатарынан аталған теннис корты облысымызда ғана емес, республикадағы үздіктердің қатарынан көрініп жүр.
Жақын күндері Өскеменде тағы да бір спорт алаңы пайда болмақ. Комсомол аралында салынып жатқан бұл ғимарат Жастардың экологиялық кешенінің құрамына кіреді. Дәл осы жерде жасыл технологияны пайдаланудың жарқын үлгісі болып табылатын облысымыздағы тұңғыш эко-үй де бой көтермек. Оның құрылысына тек қана отандық өнімдер пайдаланылуда. Жақында ғана бұл ғимаратқа электр қуаты берілді.
Жастар ұйымдары мен басқа да қоғамдық ұйымдар кешен аумағындағы бір ғимаратқа орналасатын болады. Сондай-ақ, Іскерлер кварталы, Арбат, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына көмек көрсететін Қамқорлық үйі, мәдени зоналар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорт-авенюлер болады деп жоспарланып отыр.
Жастар мұнымен ғана шектелмей, картинг, скалодром және «Лазертаг» полигоны секілді жаңалықтарды да асыға күтуде.
Өскеменде мұндай хоккей және футбол ойындары нысандарының көптеп бой көтеруі жастардың спортқа деген құлшынысын арттырады. Хоккей модулындағы мұз айдыны жұмысында жазда небәрі бір жарым айға ғана үзіліс болады. Жылыту алаңының көмегімен футбол маусымы да айтарлықтай ұзартылып отыр. Даниал АХМЕТОВ облыс орталығында осынау спорт түрлерін дамытуда жақсы база қалыптасқанын айта келіп, мұндай нысандардың Семей қаласына да қажет екеніне тоқталды.
Сондай-ақ, Ертіс өзені үстінен өтетін көпір де облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Даниал АХМЕТОВ жаңартылған көпірдің сыртқы көрінісіне көңіл аудару қажеттігін атап көрсетті.

Өскеменде тағы бір спорт нысаны салынады

– Әлемнің барлық қалаларында көпірлер көбіне көрік беретін элемент болып табылса, ал бізде технологиялық жағына басымдық беріледі. Сондықтан да көпірдің көз тартатын көркі мен сәулеті жағын да ойластыру қажет. Көпірдің жарықтандырылуына, қоршалуына қатты мән бергеніміз жөн, – деді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ.
Көпірді көріктендіріп, безендіру жағына жауап беру міндеті Өскемен қаласы сәулет бөлімінің басшысы Дәурен Қасымовқа жүктелді.
Оқушылар шығармашылығы сарайы да балалардың жан-жақты дамуы үшін бірнеше бағытта жұмыс істеуде. Мұнда бүгінгі таңда екі жарым мыңға жуық бала небір өнер түрлерімен айналысуға мүмкіндік алуда. Облыс әкімі «Қазақстандық жол» орталығының қатысушыларымен кездесіп, еліміздің Көшбасшысы туралы әңгімелеп берді.
Әрбір елдің өзінің Көшбасшысы бар. Қол жеткен биіктердің барлығы да сол Көшбасшының есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның Көшбасшысы – Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 1992 жылы елімізде жалпы ішкі өнім адам басына 700 долларға теңесті. Ресей мен Украинада бұл көрсеткіш бірнеше есе жоғары, өйткені, бұл елдерде бізге қарағанда адам саны көп. Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілген өнімдер көрсеткіші 12,5 мың долларға дейін ұлғайса, Ресейде бұл көрсеткіш – 14,5. Яғни, арадағы үлкен алшақтық қысқарды. Басқа мемлекеттердің де зор мүмкіндігі бар, бірақ қазір бәрі теңесті. Міне, Президент еңбегінің еліміз үшін қандай мәні бар екенін көрдіңіздер ме? – деді Даниал АХМЕТОВ.
Облыс басшысы Өскемендегі Андрей Первозванныйдың кафедралды соборына барып, Әулие-Троицкий соборын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Ғимарат ХІХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. 1928 жылы қиратылған. Десе де қалпына келтіру жұмыстары Кеңестер одағы құлағаннан кейін басталыпты. Сонымен қатар, монастырьдың аумағында балалар алаңын салып, ас беру орындарын ұйымдастыру да жоспарда бар.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button