Қоғам

Өскеменде рекорд жаңарды

Өскеменде рекорд жаңарды


Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі сарапқа салынған төртінші дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті.

Айта кетерлік жайт, биыл аталмыш жарыс тұңғыш рет Азия жеңіл атлетика қауымдастығының ресми күнтізбесіне енгізіліпті. Демек бұдан былай турнирдің мәртебесі де, оған қатысушылардың саны да артады деген сөз.

Биылғы додаға тоғыз елдің спортшылары қатысып, жүлделі орындар үшін таласты. Жарысқа қатысушылар биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, сырықпен секіру, 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергілермен жүгіру, 400 және 800 метрге жүгіру, сондай-ақ 4х200 эстафетасында өзара мықтыны анықтады. Ел намысын қорғаған шығысқазақстандық спортшылардың еншісінде үш алтын, төрт күміс және екі қола жүлде бар. Әсіресе биіктікке секіру сайысында жарыс рекордын жаңартқан Надежда Дубовицкая мен 400 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсеткен Элина Михинаның жетістіктерін атап өткен орынды.

Жалпы, биылғы додаға Қазақстаннан бөлек, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Малайзия, Беларусь және Түркиядан келген жасы 18-ден жоғары 140-тан астам жеңіл атлет қатысқан-ды.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button