Қоғам

Өскеменде пони «үйленді»

Өскеменде пони «үйленді»Қилы-қилы қызықтар

Өскемендегі хайуанаттар бағында елден ерекше «үйлену тойы» болды.

Жануарлар бағының қызметкерлері бір жағынан келушілерге қызық болуы үшін, сонымен қатар, таяуда ғана табалдырық аттаған Жылқы жылының құрметіне орай осындай шешімге келген.

Бақта жеті жылдан бері жападан-жалғыз тұрған Полковник атты пониге бақ қызметкерлері «қалыңдық» тауып берді. Сөйтіп, тапал жылқы бұдан былай Ұлан ауданынан әкелінген Панночкамен бірге тұрмақ.

Осылайша, Шығыс жұртына тамашаның небір түрін ұсынып келе жатқан жануарлар бағының мамандары тапал жылқы – понидің санын көбейтуді көздеп отыр.

Осы айдарда

Back to top button