Қоғам

Өскеменде екі шағын станция салынады

Өскеменде екі шағын станция салынадыШҚ АЭК өкілдерінің хабарлауынша, Өскемендегі электр қуатына тапшылықты жою мақсатында қалада екі шағын станция салынады. Оның бірі Ахмер кентінде орналасса, екіншісі Центральная көшесінің бойынан орын теппек.

Құрылыс жұмыстары үш жылға жоспарланып отырған нысандарға жұмсалатын қаржының мөлшері әзірге белгісіз, тек жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған соң ғана анықталмақ. Бұл екеуі де инвестициялық бағдарлама аясында салынады. Бағдарламаны қолданысқа енгізу арқылы энергетиктер негізгі қондырғылардың тозуын төмендетіп, керісінше олардың жұмыс істеу қабілеті мен қауіпсіздігін арттыруға қол жеткізеді.

Компания мамандарының дерегіне сенсек, ағымдағы жылдың сегіз айында электр энергиясын апаттық өшіру оқиғалары 3 511-ді құраған, былтырғы сәйкес кезеңде бұл 3745 болған.

Осы айдарда

Back to top button