Қоғам

Өскеменде Алматы қаласының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Алматы қаласының мәдени күндері өтеді

Биылғы қазан айының 8-9 күндері Өскеменде Алматы қаласының Шығыс Қазақстандағы мәдени күндері өтеді. 8-қазанда Өскемендегі мектептерде Алматыдан келген білікті мұғалімдер ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын, ал үздік дәрігерлер қалалықтарға консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіп, жас мамандарға шеберлік сыныптарын өткізетін болады. 9-қазанда Металлургтердің мәдениет сарайында \”Нағыз ердің қаруы\” және \”Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі\” атты көрме және «Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бизнес-ынтымақтастығының болашағы» тақырыбында бизнес-форум өткізіліп, алматылық өнер шеберлерінің гало-концерті болады.

Осы айдарда

Back to top button