Қоғам

Өскемен теннис мектебінің тәрбиеленушісі Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Өскемен теннис мектебінің тәрбиеленушісі Азия чемпионатынан жүлделі оралды


«Қазцинк» балалар арасында бұқаралық спорттың таралуына белсенді қолдау білдіріп келеді. Компания Өскеменде салыстырмалы түрде алғанда жуырда ғана қарқынды дами бастаған тенниске ерекше көңіл бөлуде. 2010 жылы «Қазцинктің» қаржылай қатысуымен алты заманауи корты бар «Smash» теннис орталығы салынған болатын. Олардың әрқайсысында олимпиадалық спорт нысандарында қолданылатын жабындылар төселген.

Қазіргі кезде теннис орталығында 250 бала мен жасөспірім жаттығып жүр. Компания үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жас теннисшілердің жақын және алыс шетелдерге сапарларға шығуына ұдайы демеушілік көмек көрсетіп тұрады. Сонымен қатар «Қазцинк» спорттың осы түрі бойынша құрама мүшелерінің жаттығуларын қаржыландырады.

«Smash» орталығының ең дарынды тәрбиеленушілері қатарында он төрт жасар Татьяна Николенко да бар. Спортшы қыз көптеген турнирлерде ұтып, ел чемпионатында жеңіске жеткен. Осы көктемде жеткіншек жаңа биіктерді бағындырды – Таиландта өткен Азия ойындарында екінші және үшінші орындарды иеленді. «ITF ASIA 14 & U DEVELOPMENT CHAMPIONSHIPS 2018 – DIVISION 1»сайысында ел намысын алты спортшы қорғады, оның ішінде Өскеменнен Татьяна Николенко ғана болды.

–Бұл ойындарда Азия құрамасын қалыптастыруға арналған іріктеу кезеңі өтті, – дейді спортшы қыздың әкесі Юрий НИКОЛЕНКО. – Құрамаға енетін теннисшілер 2018 жылдың жазында Еуропадағы турнирге аттанбақшы. Қызым құрамаға енуге, сондай-ақ «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағынан үміткер. Жолымыз болады деп ойлаймын. Қазір Таня Алматыда жаттығуда, бірақ турнирлерге Татьяна өскемендік теннисші ретінде қатысады.

–Мен үшін әрбір осындай жеңіс өте маңызды, маған көмек қолын созып, мен үшін жанкүйер болып жүрген барлық жандарға алғыс айтамын, – дейді Татьяна. – Менжан-жақты дамып, өсу мүмкіндігін берген «Smash» теннис орталығына ризамын!

«Қазцинк» Татьянаны осындай үлкен жетістіктерімен құттықтайды!Компания спортшы қызға түрлі турнирлерге белсенді қатысуға көмектесеуді жалғастыра бермек.

Наталья Мерк

Осы айдарда

Back to top button