Қоғам

Өскемен-Новосібір әуе рейсі іске қосылады

Биылғы маусым айының 11-інен бастап «SCAT» компаниясының «Bombardier CRJ 200» ұшақтары Өскемен мен Новосібір (Ресей) қалалары арасында аптасына екі рет жолаушылар тасымалдайтын болады.

Өскемен-Новосібір әуе рейсі іске қосыладыӘуе рейсінің ұшу уақыттары өте қолайлы ұйымдастырылған. Айталық, Новосібірге жұмыс күнінің екінші жартысында жетсеңіз, кешке қарай кері қайтуға мүмкіндік бар. Әуе кемесінің бір бағыттағы ұшу уақыты 1 сағат 15 минутты құрайды.

Билеттің құны жолаушылар орындарының орналасуына байланысты 27 мың мен 37 мың теңгенің аралығында. Бұл бағыттағы ынтымақтастық ресейлік туристік бизнес өкілдерінің біздің облысқа келіп, өңірдің туристік әлеуетімен жақынырақ танысқаннан кейін басталған. Болжам бойынша жаңа әуе бағыты екі аймақтың экономикалық байланыстарын одан әрі кеңейтуге көмектеседі. Айта кетейік, «Bombardier CRJ 200» ұшақтарының сыйымдылығы 50 орындық.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button