ТОП

Сіз қандай жарсыз?

Төрт үйдің біреуін таңдаңыз да, қандай жар болатыныңызды біліңіз.

Ас үйге жақынсыз ба, үйіңіз таза тұра ма? Ендеше көрелік.

А нұсқасы

Сіз отбасы үшін отқа түсетін жансыз. Үйдің барлық шаруасын дөңгелетесіз. Ақ тастарханнан дәм үзілмейтін болады. Тазалық жағынан да алдыңызға жан салмайсыз. Сонымен қатар әйелге тән қасиеттерге де байсыз. Күйеуіңізге қарсы шықпайтын жансыз

В нұсқасы

Сіз пысық жар боласыз. Отбасының бюджетін жоспарлау сіздің құзырыңызда. Артық бір тиын шашпайсыз. Жоқтан бар жасап, қолдағыны берекесімен қолданасыз, үнемдей де білесіз. Барлық кедергіні жеңіп шығатын күшке иесіз. Сізден жақсы ана шығады. Білім алуға да жеткілікті түрде уақыт арнайсыз.

С нұсқасы

Сіз отбасы, ошақ қасы үшін жаралмағансыз. Бар мақсатыңыз – мансап қуу. Бірақ көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Себебі шаңырақтың шайқалуына жол бермейтіндердің қатарынансыз. Бала тәрбиесіне акса мұқиятсыз, барлығын әділетті шешесіз. Жолдасыңыз сізге қарап алға ұмтылады.

D нұсқасы

Сіз ұрыс-керістен аулақ жансыз, жаныңыз нәзік, өте сезімтал келіншексіз. Іскерлік қабілетіңіз де бірден көзге түседі. Сіздің үйіңіз сырттай қарағанда дизайнер журналдарының мұқабасы секілді көрінеді. Күнделікті жалықтырған тағамдарды дайындау сіздің ісіңіз емес, міндетті түрде ерекше рецептімен жасайсыз. Сіздердің балаларыңыз нағыз бақытты бала боп өседі деуге болады. Барлығына түсіністікпен қарайсыз, мейірімдісіз. Жарыңыз үнемі сізбен кеңесетін болады.

Балауса Мэлсқызы

 

 

Осы айдарда

Back to top button