ҚоғамТОП

Алматыдан Сібенің мұзын жуу үшін келіпті

Әлеуметтік желіде ерекше роликтерімен халыққа танылған Анзор Гасаев ШҚО-ға келді.


Анзор Гасаев еліміздің өңір-өңірін аралап, тұмса табиғатымызды жер жаһанға танытып жүр.

Бұл жолы фотограф Сібе көлдерін түсіруге келген. Бірақ Алматыдан келген фотографқа мұз құрсауындағы көлдерді түсіру оңай болмаған. Шығыста қар жиі жауғандықтан, мұздың беті үнемі айнадай болып жатпайды.  Осыған байланысты түсірілім тобы мұздың бетін тазалап, тіпті швабрамен жуып шығыпты.

 Әдемі кадр үшін не істемейсің. Сіздерді ерекше роликпен қуантқымыз келеді. Сондықтан да мұз бетін тазартып жатырмыз, – дейді Анзор Гасаев.

Жақын арада ролик те шығып қалатын сияқты. Ендеше күтейік.

Балауса Мэлсқызы

 

Осы айдарда

Back to top button