Қоғам

Шығысқазақстандық шаңғышы Татьяна Осипова чемпион атанды

Шығысқазақстандық шаңғышы Татьяна Осипова чемпион атанды

Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы универсиадада шығысқазақстандық шаңғышы Татьяна Осипова чемпион атанды.

Скиатлоннан 10 шақырымдық трассаны бәрінен бұрын бағындырған Татьяна осылайша ел құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Дистанцияның соңғы метрлеріне дейін аса тартысты жағдайда өрбіген бәсекеде жерлесіміз Украина мен Финляндияның спортшыларын артқа тастады. Тағы бір айта кетер жайт, бұл жарыста 4-5 орынды да шығысқазақстандық Марина Матросова мен Виктория Ланчакова иеленді.

Қыздардан жігіттеріміз де қалыспады. Дәл осы скиатлон тәртібі бойынша сынға түскен риддерлік шаңғышы Марк Старостин 15 шақырымдық межені ресейлік Р.Шакирзяновтан кейін бағындырып, күміс медальға қол жеткізді.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button