Қоғам

Шығыс жұртының құрметті ерекше

Шығыс жұртының құрметті ерекше


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығысымызды Қазақстан тәжіндегі інжу-маржанға теңеген болатын. Бұл өңірде Мемлекет басшысының ізі қалған жерлер жетерлік. Елбасы аймағымызға келген сайын іргелі істердің жолын ашып, батасын беріп кетеді.

Елбасы ұлан-ғайыр ұлы даланы, өз халқын бөліп-жармаса да, оның Шығысқа деген пейілі мен ниеті, ілтипаты айрықша бөлек. Елбасы Алтайға келген әрбіріссапарында ауқымды істердің тұсауынкеседі. Береке-бірлігі мықты Шығыс жұрты даМемлекет басшысының сөзіне ұйып, татулықтың үлгісін танытып, үмітін ақтауға тырысып, Елбасы алға қойған маңызды міндеттерді орындау жолында біркісідей аянбай еңбек етуде. Осы сыйластық саясатыелдегі тұрақтылық пен тұтастықты нығайта түседі.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

Шығыс жұртының құрметті ерекше

– Елбасымыздың данышпандығы неде? Президентіміздің барлығын өз жауапкершілігіне алатын ұлы қасиеті бар. Есімде бір қызық оқиға жақсы сақталды. 1994 жылдың наурызында Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқытушылар мен студенттер алдында тамаша сөз сөйледі. Сол кезде ол Еуразиялық одақ құру керектігін айтып, тың идеясын сол жерде алға тартты. Бұл енді ғана қол жеткізген егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің бір бөлігінен бас тарту дегенді білдіретін. Сонда мен жаңа одақ не үшін қажет деп, кеше ғана одақтан шықтық, тәуелсіздікті алдық, енді қайта одаққа кірудің қажеті қанша депойладым. Елбасы сөзінде болашақта нақ осындай ірі өңірлік құрылымдар әлемдік экономиканың сын-тегеурініне қарсы тұрарлық жауап болады деген еді.

Шығыс Қазақстан Мемлекет басшысының міндетіне сәйкес экономиканы әртараптандыру жолында дамып келеді. Өңір әлеуетін толық пайдалану, шикізаттан гөрі құны жоғары дайын өнім өндіріп, оны экспорттау – Елбасы алға қойған тапсырма осы. Аталмыш бағытта еңбек етудеміз.Шығыс жұртының да Елбасына деген қошеметі мен құрметі ерекше.

Елбасы өзінің бір сұхбатында Төр Алтайды еліміздің алтын тәжіне теңеген болатын. Расында да, Шығыс Қазақстан – алтын мен күміске, басқа да сирек кездесетін металдарға, өзен мен көлдерге де аса бай, табиғаты тамылжыған, қасиетті өлке. «Шығыстың шырайлануы ел экономикасының өркендеуі» деп Мемлекет басшысы қадап айтқанындай, осы өңірдегі көл-көсір байлықты адам игілігіне жарата білсек, Ел мен Елбасының сенімін ақтағанымыз емес пе?!

Ержан Мәндиев, «Азия Авто Қазақстан» АҚ бас директоры:

Шығыс жұртының құрметті ерекше

– Шығыс Қазақстан – отандық автоөндірістің де орталығы. «Азия Авто» компаниялар тобы «АВТОВАЗбен» ортақ кәсіпорын құру туралы келісімге келді. Өскеменде салынып жатқан толық циклді зауыт іске қосылған соң,жылына 120 мың көлік шығарылады. 15 миллион теңге салық төленіп, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Аталған автомобильдер Ресейдің Сібір аумағына, Орталық Азия елдеріне, Моңғолияға саудаланатын болады. Кәсіпорында Елбасымыз болып, ақжол тілеген болатын. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Иә, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің өңірге, яғни, Шығыс аймағына деген ықыласы ерекше. Мемлекет басшысы жыл сайын облысымызға іссапармен келіп, өндірісті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа бастамаларға жол ашып кетеді.

Ментемір Шәймиев, Татарстанның бұрынғы Президенті:

Шығыс жұртының құрметті ерекше

– Мен көпұлтты Қазақстан халқы бақытты деп санаймын. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз қазақ елінің әлем халықтарымен тең дәрежеде бәсеке¬лес¬тік¬ке түсіп, өркениетті жолмен өсіп-өркен¬деуі үшін қолдан келетін нәрсенің бәрін жасап келе жатқан саясаткер. Жай саясаткер емес, нағыз сарабдал саясаткер. Дамудың сали¬қалы жолын ұстанып, небір қиын-қыс¬тау кезең¬дер¬де асықпай, аптықпай, қажетті жерде ба¬тыл, өткір шешімдер қабылдап, елді бұ¬рын-соңды болмаған жаңа биік¬терге көтерді. Қазақстан ауыр күйзеліссіз, қан төгіссіз және азаматтық қайшылықтарсыз КСРО-ның күйреуінен туындаған дағда¬рыстық құбылыс¬тар¬ды қысқа тарихи мерзім ішінде жеңіп шықты.

Қазақ елі осы жылдар ішінде экономикалық тұрғыда да, саяси тұрғыда да жан-жақты дамып келеді. Мен Елбасына мықты денсаулық тілеймін! Сонымен қатар, мен Нұрсұлтан Әбішұлы екеуіміздіңарамыздағы көп жылғы достығымызды, адами қарым-қатынастарымызды, бауырластығымыздыаса жоғары бағалаймын. Нұрсұлтан досым еңбек ете біледі, тек денсаулық берсе болды.

Эрлан Батырбеков, Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры:

Шығыс жұртының құрметті ерекше

– Ұлттық орталықтың мақсат-мұраты – Елбасының атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау, яғни, ядролық энергетиканы адамзат пайдасына жарату. Елбасы Семей сынақ полигонын жауып және Ұлттық ядролық орталық құра отырып, өте байсалды әрі дана шешім шығарды.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің ұраны – болашақтың қуаты, ал бұл ең алдымен термоядролық синтез, ол – күн энергиясы. Біздің ғалымдар қазіргі кезде қауіпсіз, экологиялық таза энергияны алу бағытында өте ауқымды жұмыс істеп жатыр.

Президент әлем назарын аударарлық ой айтып, 29тамызды Ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялауды ұсынды. Артынан бұл бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдап, арнайы қарар қабылдады. «Әлем жұртшылығы кезінде Семей өңірін полигон алаңы ретінде білді. Шын мәнінде Семей қазақ білімі мен ғылымының, әдебиеті мен өнерінің ордасы», – деді Елбасы сонда. Иә, Семей полигонын жабуда және елдің ядролық қарудан бас тартуы жөніндегі тарихи шешімді қабылдауда Тұңғыш Президентіміздің рөлі айрықша екені даусыз.

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:

Шығыс жұртының құрметті ерекше

– Мен «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының әжесін – Мырзабаланы сомдадым. Ол өте өжет, қатал адам болған, одан бәрі қорқатын, оны бәрі құрметтейтін. Сондай-ақ, ол кісі бойшаң, кесек болыпты. Ал мен кішкентаймын әрі томпақпын. Әжеміздің тұлғасын дәл келтіру үшін кинода астыма бірнеше жастық салып, биік отыруға тура келді. Барымды салдым, өйткені, Елбасын жақсы көремін. Фильмді тамашалап шыққан Президентіміз жаныма келіп, маған алғысын білдірді, апа рөлін тамаша ойнап шыққанымды атап айтты. «Сіз менің ғана әжем емес, бүкіл қазақ елінің әжесіне айналдыңыз» деді күліп. Елбасы өнерге жақын адам, оның істері неге оң болады, өйткені, ол шығармашылық адамы, қиялы ұшқыр. Ол – барлық саладан білімдар адам.

Осы айдарда

Back to top button