Қоғам

«Шығыс ЖЭЖ» – 20 жыл алдыңғы қатарда

«Шығыс ЖЭЖ» - 20 жыл алдыңғы қатарда


«Шығыс жүйеаралық электр желілері (ЖЭЖ)» филиалы «KEGOC» АҚ құрамында 1997 жылы желтоқсан айында құрылған және оның тоғыз аймақтық құрылымдық бөлімшесінің бірі болып табылады.

Филиал желілері Ұлттық электрлік желілер (ҰЭЖ) активтерінің құрамына кіреді және Қазақстанның Бірыңғай Энергетикалық Жүйесінде (ары қарай – БЭЖ) жұмыс істейді. Олар «Солтүстік ЖЭЖ» филиалының электр желісі электр берудің жүйеаралық желілерімен және Ресей Федерациясының энергия жүйесіндегі мемлекетаралық электр беру желісімен байланыста.

Қазіргі уақытта «Шығыс ЖЭЖ» филиалының ұжымы кепілді түрде Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС, Өскемен ЖЭО секілді республикалық маңыздағы станцияларға қуат беруді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, Қазақстанның БЭЖ Солтүстік аймағы электр станциясынан өңір тұтынушыларын қуатпен қамтамасыз етеді.

Міне, 20 жылдың көлеміндегі өзінің қызметінде филиал сенімді қуат беруді және электр станциялары мен қосалқы станцияларда бекітілген көлем мен режимде электр желілері бойынша электр энергиясын қамтамасыз етуді жалғастырып келеді.

ҚР БЭЖ Жүйелік операторында Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы аймақтық өкілі ретіндегі «Шығыс ЖЭЖ» маңызды мақсаты – өңірдің қуат нарығындағы барлық субъектілерін диспетчерлік басқару болып табылады. Филиал техникалық диспетчерлендіру (энергия өндіретін ұйымдарға), теңгерімді саудада жұмыс істеуді ұйымдастыру (электр энергиясының көтерме нарығындағы барлық субъектілерге), ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясын беру, оның техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және пайдалану әзірлігін қолдау бойынша жүйелі қызметтер көрсетеді. ҚР «Электр энергетикасы туралы» заңының аясында Қазақстан Республикасындағы БЭЖ жұмыстың сенімділігін қамтамасыз етеді.

Барлық электр беру желілері, электр станциялары мен желілердің релелік қорғау мен автоматтандыру (РҚА) жабдықтары және құрылғылары ҚР техникалық пайдалану ережелері (ТПЕ) талаптары негізінде диспетчерлік басқарудың деңгейі бойынша бөлінген. «Шығыс ЖЭЖ» аймақтық диспетчерлік орталығындағы (АДО) диспетчердің жедел басқаруында және жүргізуінде электрлік станциялар жабдықтары, қосалқы станциялар және меншік формасына тәуелсіз 35-500 кВ кернеудегі электр беру желілері бар.

«KEGOC» АҚ алдына қойылған мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығын сезіне отырып, «қайта құруды жоспарласаң – өзіңнен баста» қағидатын ұстана отырып, компания өзінің құрылған сәтінен бастап нысандардағы жабдықтарды жаңғырту үдерісіне белсенді түрде кірісті. «KEGOC» АҚ 20 жылдың ішінде қосалқы станциялар жабдықтарын 80%-ға жаңартып, 500кВ кернеулі 2 мың шақырымға жуық электр беру желісін салды. Сонымен бірге, 500 кВ класындағы екі «Алма» және «Семей» жаңа қосалқы станциясын іске қосты.

Сәйкесінше, «Шығыс ЖЭЖ» филиалының электрлік желілерінде, технологиялық жабдықтарында және қосалқы станцияларында жаңғырту жүргізілуде.
Аталған жұмыстар үдерісінде филиалдың қосалқы станцияларындағы жоғары вольтты жабдықтар ауыстырылды, релелік қорғаудың апатқа қарсы автоматикасы, байланыс каналдарының ЖЖ (жоғары жиілікті) телекоммуникациялық жүйесі жаңғыртылды. Мұнымен қатар жаңғырту энергетикалық басқару және бақылау жүйесіне (SCADA/EMS), электр энергиясын коммерциялық есептеу жүйесіне (АСКУЭ) жүргізілді, аймақтық диспетчерлік орталығының диспетчерлік залына қайта құру жүргізілді.

Жүргізілген жаңғыртулардың нәтижесінде АДО-ғы диспетчердің жұмыс орнынан басты және жерлендірілген шаппа ажыратқышына дейін қосалқы станцияларды басқаруды орындау мүмкіндігі пайда болды, бүлінген жабдықтарды ажырату, бүлінген жерін табу мен оларды жөндеу уақыты айтарлықтай қысқарды. Мұның бәрі кәсіпорын балансында кернеудің түрлі кластарындағы электр жеткізу желілерінің мыңдаған шақырымы бар екенін ескерсек, айтарлықтай жетістік екені сөзсіз.

Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында электрэнергетикалық саладағы ірі «500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» ӘЖ транзитін салу» инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыруда. Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ меншік қаражаты есебінен іске асуда. Жоба Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

Аталған жобаның бірінші кезеңі – Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі 2016 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылған болатын.

«Шығыс ЖЭЖ» - 20 жыл алдыңғы қатарда

Алғашқы кезең аясында жалпы ұзындығы 700 шақырымға таяу 500 және 220 кВ жоғары вольтты Екібастұз – Семей – Өскемен желісі (ЖЖ) және 500 кВ «Семей» жаңа қосалқы станция салынды. Сонымен қатар қолданыстағы Өскемен, Екібастұз қосалқы станцияларындағы, Шүлбі СЭС-гі таратқыш қондырғыдағы кеңейту бойынша айтарлықтай жұмыс көлемі орындалды.

Жобаны іске асыру барысында әлемдік электр энергетикасында қолданылатын жаңа технологиялар мен ең заманауи жабдықтар қолданылады. Мәселен, 500 кВ жоғары вольтты желісінде оптикалық-талшықты кабель орнатылған жайдан қорғаушы арқансым қолданылған. 500 кВ «Семей» қосалқы станциясында 500 кВ басқарылатын шунттаушы реактор орнатылған, ол автоматты режимде кернеудің қажеті деңгейін қолдауға мүмкіндік беріп, сол арқылы берілетін электр энергиясының сапасын айтарлықтай жоғарылатады.

«Семей» қосалқы станциясы әлемдік жетекші өндірушілерден алынған жабдықтармен жабдықталған. Бұлар – коммутациялық жабдық (элегаздық ажыратқышты қосқанда), релелік қорғаудың микропроцессорлық сандық құрылғысы. Қосалқы станцияны басқару мен мониторинг жүйесі халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) стандарттарына сәйкес орындалған.

Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңі «500 кВ Шүлбі СЭС – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ құрылысын» жүзеге асыру жұмыстары аяқталуда.
Жаңа 500 кВ ӘЖ қолданысқа беру ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Жобаның аяқталуы толықтай алғанда, Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік аймақтарын біріктіруге, Ақтоғай КБК тұтынушыларын, Қазақстан-Қытай құбыр желісі учаскелерін ҰЭЖ желілерімен тең қолжетімділікте қамтамасыз етуге, теміржолды және басқаларды электрлендіруге мүмкіндік береді.

500 кВ ӘЖ құрылысы еліміздің шығысы мен оңтүстігіндегі электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырып, қуат тапшылығын жабуға мүмкіндік береді және еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігіндегі электр тұтыну өсімінің келешегіне жол ашады. Сонымен қатар, теміржолдың, мұнай тасымалдайтын құбыр желілерінің, аймақтардың тау-кен өнеркәсіптеріндегі энергия жұмсайтын нысандарының электрлендірілген учаскелерін сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ 500 кВ ӘЖ құрылысы қолданысқа берілген электржелілік нысандарға қажетті қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік тудырады.
«Шығыс ЖЭЖ» ұжымы аталған жобаның іске асырылуына айтарлықтай үлесін қосуда және жобаның аяқталуы филиалдың 20 жылдығымен сәйкес келгенін мақтаныш тұтады.

Қ.Уражанов,
«Шығыс ЖЭЖ» филиалының директоры

Осы айдарда

Back to top button