Қоғам

Шығыс Қазақстан – тағы да 1-орында

Шығыс Қазақстан – тағы да 1-орында

Елімізде облыс орталықтары, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар әкімдіктерінің жұмыс сапасының рейтингі шығарылды. 2014 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тағы да көш бастады. Рейтингте облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ аймақ үшін аса маңызды бірқатар бағыттарда халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, өңіраралық интеграцияға соны серпін бергені ерекше атап өтілген. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Қызылорда облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері иеленді.
Сонымен қатар облыс орталықтары әкімдіктерінің жұмыстарына да баға берілді. Рейтинг нәтижесі бойынша Ақтау қаласының әкімдігі бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Шығыс Қазақстанның орталығы – Өскемен қаласы иеленді. Ал үшінші орында – Қызылорда қаласының әкімдігі.

Altaynews.kz

Осы айдарда

Back to top button