Қоғам

Шығыс Қазақстан Үшінші жаңғырудың көшбасшысына айналуы тиіс

Шығыс Қазақстан Үшінші жаңғырудың көшбасшысына айналуы тиіс


Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД жұмыс сапарымен облыс орталығы – Өскеменқаласына келді. Іссапардың басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және алдағы конституциялық реформаны кеңінен түсіндіру. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД облыс әкімі Даниал АХМЕТОВПЕН бірге «Шығыс-Сүт» корпорациясының және Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының ұжымымен кездесті, сонымен қатар, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, облыстық партия активімен алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жаңғыртылған өңірдегі ірі сүт өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесуі кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасы белгілеген елдің жаңа стратегиялық даму бағытының маңызын атап өтті. Осы ретте Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД ең алдымен үлкен өзгерістерді отандық өндірушілер сезетінін атап көрсетті. Өйткені, нақ солардың техникалық қайта жарақтануы және жұмыстың сапалық жаңа деңгейіне шығуы – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыты. Бұл орайда Елбасы жариялаған жаңашылдықтардың мәнін партия Төрағасының бірінші орынбасары корпорация жұмысшыларына барынша түсінікті түрде ұғындырды. Мәселен, бүгінде бүкіл облыс бойынша 8 зауытты біріктіріп отырған олардың компаниясы жыл сайын 36 мың тонна өнім шығарады.Бұл мөлшер Шығыс Қазақстанның өз қажеттілігін қанағаттандыруға да жетпейді. «Үшінші жаңғыруға» қатысқаннан кейін өндірістің сапасын да, қуаттылығын да арттыруға болады, тиісінше жаңа тұтыну нарығын игеруге (оның ішінде шетел нарығы да бар), табысты ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және еңбеккерлердің жалақысын көбейтуге болады. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында «агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың жаңа қозғаушы күшіне айналуы тиіс» деп бекереден-бекер айтқан жоқ. Зауыт жұмысшылары мұндай нақты мақсат-міндеттерді бірауыздан қолдап отыр.

1999 жылы негізі қаланған «Шығыс-Сүт» корпорациясында бүгінде 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өнімнің біраз бөлігі көршілес Ресейге сатылуда, кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта 100 пайыздық табиғи өнімдерін Қытай елінің алпауыт нарығына шығаруды көздеп отыр.

Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының ұжымы да «Үшінші жаңғыру» идеясын толық қолдайды. Бұл – еліміздегі мұнай игеру құрал-жабдықтарын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. 2014 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынған. Компания қазірдің өзінде экспортқа өнім шығарып, табысты жұмыс істеуде. ОларПрезидент жариялаған қайта құру бағытының арқасында ел экономикасының нақты секторына инвестициялардың жаңа толқыны келеді деп үміттенеді, ал бұл шығарылатын өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.Мұны Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ өзі де растады, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ірі қуатты базаға ие өнеркәсіптік және индустариялық орталығы болған және солай болып қала береді.

– Президент Жолдауы аймаққа өндірісті жоғары, заманауи, инновациялық технологиялар негізінде ары қарай жаңғырту бойынша бірегей мүмкіндік береді, – деп атап өтті Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Өскеменде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары С.Аманжолов атындағы және Д. Серікбаев атындағы универсиеттердіңоқытушыларымен, студенттерімен жолықты.

Кездесу алдында Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД ШҚМУ-дағы инновациялық әзірлемелер мен жобалардың көрмесін тамашалады, олардың ішінде – күн мен желден қуат алатын автономды киіз үй, кремнийді плазмалық жолмен алу, тот баспайтын құймалар менолардан қасиеттері арттырылған өнімдер алу технологиялары бар.

Жұмыстарды жоғары оқу орнының студенттері, магистранттары мен қызметкерлері ұсынды. Көрмеге қойылған Берелдегі сақ қорғандарының бірегей жәдігерлері мен сирек кездесетін көне кітаптар да Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ асқан қызығушылығын туғызды.

– Көрмеде өте табысты ғылыми жобалар ұсынылып отыр екен, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. – Жаңғыру баршамызға да қатысты. Шығыс Қазақстан әрдайым ірі индустриялық орталық болып келген, өңір Үшіншіжаңғыруға да өзінің үлкен үлесін қосады деп сенемін.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД инновациялық экономиканы құру үшін сенімді ғылыми іргетас қалану керек екенін мәлім етті. Сондықтан да Президент Жолдауындағы бес басым бағыттың бірі – адами капитал сапасын жақсарту. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атап өткендей, бірінші кезекте білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет», – делінген Мемлекет басшысының Жолдауында. Осыған байланысты Президенттің жоғары оқу орындарындағы кадрлық құрамға, олардың материалдық-техникалық қамтылу деңгейіне және білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талаптарды күшейту тапсырмасы өте маңызды. Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындары Елбасы мәлімдеген оқытудың инновациялық форматтарын енгізуге дайын екендіктерін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары атап көрсеткендей, қазіргі уақытта елімізде бірқатар маңызды мәселелер шешілу үстінде, оның ішінде жоғары білім беруді жаңғырту бойынша мәселе де бар.

Мұхтар Абрарұлының пікірінше, еліміздің ұлттық идеясы – бұл бәсекеге қабілетті Қазақстан, экономика, ұлт, жоғары білім де бәсекеге қабілетті болуы тиіс, ал диплом әлемде таңылуы тиіс.

– Ал егер жалпы мектеп, университет, мамандар, экономика бәсекеге қабілетті болса, ұлт та бәсекеге қабілетті болады, – деді ол.

Өскемендегі еңбек ұжымдарымен, ғылыми зиялы қауыммен және жастармен кездесулердің қорытындысын жасаған Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы активінің алдында жұмыстың басым бағыттарын белгіледі. Ол париялықтар өңірдің әрбір тұрғынына дейін «Үшінші жаңғырудың» және мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша президенттік жоспардың негізгі мәнін жеткізу керектігін атап көрсетті. Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары «Нұр Отан» Мемлекет басшысы тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалуының басты бақылаушысы болуы тиіс екенін де еске салып өтті.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, Шығыс Қазақстандағыдай ақшалай түрдегі өсім еліміздің ешбір өңірінде жоқ, айталық, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы облыста 1 триллион теңгені құраса, 2016 жылы аталмыш көрсеткіш 1 триллион 400 миллион теңгеге жеткен.

– Бұл қарқынды өсім. Егер осы серпінді сақтайтын болса, Шығыс Қазақстан Үшінші жаңғырудың көшбасына айналады, – деп түйіндеді өз ойын Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button