Қоғам

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчуктің мәлімдемесі

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчуктің мәлімдемесі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчуктің мәлімдемесі

9-сәуірде Ресей Федерациясы Хакасия Парламентінің төрағасы Владимир Штыгашев бұрынғы КСРО елдері, оның ішінде Қазақстан аумағында Ресейдің қандай да тарихи құқығы туралы мәлімдеді.
Бұл – біздің елдеріміздің арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасқа сай келмейтін сөзсіз арандатушылық, шектен шыққан жауапсыз, түп-тамырымен өрескел қате мәлімдеме деп есептеймін.
Қазақстан мен Ресейдің ғасырлар бойы тамырын тереңге жайған тарихи достастық және бауырластық байланыстары бар. Екі елдің халықтары гитлерлік фашизмге қарсы бірге соғысты, соғыстан кейінгі жылдары елді бірге көтерді. Келер жылы екі елдің халқы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді.
Кеңес Одағы ыдыраған соң, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы өзара бауырластық және одақтастық байланыстарды нығайтты. Екі мемлекет арасында халықаралық деңгейде нақты бекітілген әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара бар.
1998 жылы екі мемлекеттің басшылары ХХІ жүзжылдыққа бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы Декларацияға қол қойды. Өткен жылы біздің мемлекеттердің басшылары «ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы» келісімге қол қойды.
Бүгінде екі ел достық пейілдегі қарым-қатынастардың жоғары үлгісін көрсетіп келеді. Сондықтан Владимир Штыгашевтің жауапсыздықпен жасаған мәлімдемесі біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынас жағдайына түбегейлі қарсы келіп отыр.
Бізді білдей республика өкілетті органының құзырлы басшысы, ресми тұлғаның осындай авантюралық мәлімдеме жасауы қынжылтады.
Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығы бауырлас халықтардың қарым-қатынасына көлеңке түсіретін мұндай әрекетті бірауыздан айыптайды.
Мұндай мәлімдеменің қазақстандық-ресейлік стратегиялық әріптестіктің болашағына зиянын тигізбейтініне сенемін.

Осы айдарда

Back to top button