Қоғам

Ұшқыш балығын заңсыз алып өтпек болған

Ұшқыш балығын заңсыз алып өтпек болған

Ресей Федерациясының екі азаматы жүз келіден астам сирек кездесетін қызыл балықты (ускуч) шекарадан заңсыз алып өтпек болғанда ұсталды.
ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Ауыл-авто» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар көрші елді бетке алған «Тойота Ленд Крузер» автокөлігінен салмағы жүз келіден асатын тірі ұшқыш балықтарының ірі көлемін анықтаған. Тексеру кезінде ресейлік екі азамат әкеле жатқан аса бағалы тауардың тиісті құжаттары болмаған. Сондықтан олардың әрекеті заңсыз деп табылып, екеуі де қамауға алынды. Бұл іс бойынша материалдар Бородулиха аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылған.
Естеріңізге саламыз, әлемде сирек кездесетін мұндай қызыл балық Марқакөлде тіршілік етеді. Оны рекреациялық аймақта арнайы рұқсатпен ғана аулауға жол берілген.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button