ТОП

Шығыстың жәрмеңкесі Алматыда өтті

Демалыс күндері Алматыдағы Ғылым академиясы аумағында Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы таңертеңгі сағат 9-дан кеш батқанға дейін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары сапалы өнімдерді арзан бағамен сатып алды.

Әр аудан мен қалаға сауда орындары бөлініп, жәрмеңкенің кіреберісіне облыс атауы жазылған арка орнатылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге Абай өңірінің өндірушілері де қатысты.

Эвакуаторы алматы услуги по городу и области дешево. Круглосуточная подача эвакуатора в течение 15 минут. Цена и телефон на сайте!

– Шығыстың сапалы өнімдерін көріп тұрғаныма қуаныштымын. Өзім сол өлкенің тумасымын, бірақ ұзақ жыл Алматыда тұрып келемін, туған жерімді сағынамын. Сондықтан жәрмеңке туралы ести сала бірден келдім. Шығыс Қазақстанның балы, дәмді еті мен балығы күллі елімізге танымал ғой, сол себепті алматылықтардың бәрін де сатып алары сөзсіз, – дейді Балжан Шаяхметова.

Катонқарағай, Зайсан, Ұлан, Шемонайха, Глубокое, Алтай аудандары мен Өскемен қаласы 20-дан астам табиғи әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынды.

Алматыға жалпы құны 102 миллион теңгеден асатын 46,1 тонна өнім әкелінді, оның ішінде 28,5 тонна бал, 5 тонна құс еті, 2,8 тонна сиыр еті, 2 тонна жылқы еті, 0,5 тонна қой еті, 3 тонна күнбағыс майы, 1,8 тонна қымыз, 1,5 тонна сүт өнімі, 0,5 тонна балық өнімі, 0,5 тонна ұлттық тағам бар.

Атап өтерлігі, барлық өнім санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келді, сатушылардың бәрі де өнімдердің өндірілуін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсынды.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button