Қоғам

Шығыстағы танымал кәсіпорын өнімдеріне өзгеше жазу жазды

ШҚО-дағы сүт өнімдерін шығаратын ең танымал кәсіпорын «Шығыс-Сүт» ЖШС тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеуге шақырады.

Кәсіпорын өнімдердің қаптамасына «Өз елінің патриоты жемқорлыққа жол бермейді» деген жазу жазып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығының телефон номерін көрсетіпті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Тұрғындар да бұл бастаманы қолдап отырған көрінеді.

– Зайыбым тек осы кәсіпорынның өнімдерін алады. Өйткені таза табиғи өнімдерден жасалған сүт тағамдары дәмді әрі сақтау мерзімі де қысқа. Кеше қаптамадан осы жазуды оқып, өндірушілердің бастамасы дұрыс деген ойға қалдым. Парақорлық, жемқорлық сияқты қоғам кеселдерімен ымырасыз күрес осылай болуы керек. Басқа кәсіпкерлерге үлгі боларлық бастама, – дейді өскемендік Геннадий Васильевич.

Ол кісі кезінде кеден саласында жұмыс істеген, қазір зейнет демалысында.

 

Осы айдарда

Back to top button