ЖаңалықтарТОП

Шығыста тағы қатты ыстық болады

Ертең ШҚО-да күн ыстық болады.

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 8 маусымда Өскемен қаласында 35-37 градус ыстық сақталады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Осы ретте Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарына сақтық шараларын еске салады.

Мүмкіндігінше көшеге шықпау, яғни күннің астында жүретін уақытты барынша шектеу. Әсіресе, сағат 11.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта. Құтқарушылар тек жабдықталған орындарда шомылу керек, жағалауда балаларды қараусыз қалдыруға, мас күйде шомылуға болмайтынын ескертеді. Суға шомылу кезінде өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.

Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталған аудандарда халыққа ашық отты қолдануда өте сақ болу қажет: үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөп, қамысты өртемеу. Сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастауға болмайды.

Осы айдарда

Back to top button